Семей қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы «21» қаңтардағы
№ 2 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
2022 жылғы 21 қаңтар
(113-1-б. 2, 3-т.)
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -
2022 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей
(22-б.)
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -
2022 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей
(13-б. 4-т.)
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей
(17-б. 2-т.)
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының әкімі
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде
-2022 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей
(23-б. 5-т.)
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар
Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
2022 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2022 жылғы 4 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
(113-3-б. 1-т.)
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
(4-б., 113-5-б., 11-т. 2) т.)
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап
(14-б. 8-1) т., 31-б.)
9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде
(113-4-б.)
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде
(113-4-б. 7-т.)
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2022 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі
Әкімдікке кандидатттар,
саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)
Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 2-т.)
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)
Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 3-т.)
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
Мемлекеттік кірістер органдары
Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде
(113-5-б. 4-т.)
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады
2022 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2022 жылғы 9 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
(113-5-б.)
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей
(113-5-б. 9-т.)
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
Жергiлiктi атқарушы органдар және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Үгіт басталғанға дейін
(28-б. 6-т.)
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2022 жылғы 9 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 19 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Жергiлiктi атқарушы органдар және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде
(28-б. 4-т.)
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
Семей қаласының әкімі
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2022 жылғы 31 қаңтарға дейін
(24-б. 5-т.)
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда
2022 жылғы 5 ақпаннан бастап
(26-б. 1-т.)
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей
2022 жылғы 10 ақпанға дейін
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Үш күннен ерте емес және сайлаудан кемінде бір күн бұрын
2022 жылғы 17 ақпаннан ерте емес және 19 ақпаннан кешіктірмей
(37-б. 3-т.)
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда
2022 жылғы 20 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де
(40-б. 1-т.)
24. Дауыс беруді өткізу
Учаскелік сайлау комиссиялары
Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін
(38-б. 1-т.)
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
Учаскелік сайлау комиссиялары
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады
(18-б. 8) т., 43-б.)
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыға ортақ танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-т.)
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(113-8-б. 1-т.)
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей
2022 жылғы 23 ақпаннан кешіктірмей
(113-10-б. 1-т.)
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей
2022 жылғы 24 ақпаннан кешіктірмей
(44-б.)
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін
2022 жылғы 26 ақпаннан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
Сайлау комиссиясының
төрағасы З. Қ. Тоқаев
Сайлау комиссиясының
хатшысы Г. О. Жәлелова