Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша – Айнабұлақ ауылдық округінің шегінде Айнабұлақ сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округінің тізімі оның шекаралары және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы З. Қ. Тоқаев
Сайлау
комиссиясының хатшысы Г. О. Жәлелова
Семей қаласы
21 қаңтар 2022 жыл
№ 1