Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ

Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалсын.
2. 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.


Сайлау
комиссиясының төрағасы                                             З. Қ. Тоқаев

Сайлау
комиссиясының хатшысы                                             Г. О. Жәлелова


Семей қаласы
21 қаңтар 2022 жыл
№ 2

Дата публикации
21 января 2022