2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге жұмыс орындары санынан осы қаулының қосымшасына сәйкес мөлшерде белгіленсін.
2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Садырбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Байахметов