О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Семей қаласы азаматтарының
жекелеген санаттарының қала
ішіндегі қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;
2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектерге жетектеушісімен – тегін жол жүру;
3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектерге - тегін жол жүру;
4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 % ;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
6) І топтағы мүгедектерге жетектеушісімен - тегін жол жүру;
7) ІІ топтағы мүгедектерге - тегін жол жүру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;
11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру.
2. Жергілік бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы санаттағы азаматтарды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді көздесін.
4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген).
6. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласының мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Семей қаласының әкімі                                                       Б. Байахметов
Семей қаласы мәслихатының хатшысы                          Б. Ақжалов

Дата публикации
12 ноября 2021