Жоба
Семей қаласы мәслихаты
ШЕШІМІ
Семей қаласы №_____ «____»___________2021 ж.
Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қантардағы Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VІ «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 маусымдағы № 6008 тіркелген шешімі) күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы Б. Акжалов