Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Семей

ЖОБА


Семей қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Семей қ.                                            №_____                             «__»_________ 2021 жыл


Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қантардағы Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 27/139-V «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30216 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қалалық мәслихат хатшысы                                                         Б. Акжалов

Дата публикации
01 ноября 2021