2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

жоба

2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Садырбаевқа жүктелсін.


Қала әкімі                                                                      Б. Байахметов


Қаулы жобасын енгізген:
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі                                                        М. Құржықаев

Келісілді:

Әкімнің орынбасары                                                                                  А. Садырбаев
Аппарат басшысы                                                                                      С. Азбергенов

Жоба іс жүргізу талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексерілді
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы                                                             С. Байғалтинова

Бас маман: Г. Мәсәлімова, тел. 52-24-49, 150
Орындаған: А. Жүнісова, тел. 56- 62-10

Дата публикации
29 октября 2021