жоба
2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге жұмыс орындары санынан қаулының қосымшасына сәйкес мөлшерде белгіленсін.
2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қала әкімі Б. Байахметов
Қаулы жобасын енгізген:
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» ММ М. Құржықаев
Келісілді:
Әкімнің орынбасары А. Садырбаев
Аппарат басшысы С. Азбергенов
Жоба іс жүргізу талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексерілді
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы С. Байғалтинова
Бас маман: Г. Мәсәлімова, тел. 52-24-49, 150
Орындаған: А. Жүнісова, тел. 56- 62-10