Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2022 год

жоба

2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.


Қала әкімі                                                                              Б. Байахметов

Қаулыны енгізген:
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі                                                           М. Құржықаев

Келісілді:

Әкімнің орынбасары                                                                                      А. Садырбаев

Аппарат басшысы                                                                                           С. Азбергенов

Іс жүргізу талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексерілді
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы                                                           С. Байғалтинова

Бас маман: Г. Мәсәлімова, тел. 52-24-49, 150

Орындаған: А. Жүнісова, тел. 56- 62-10

Дата публикации
18 октября 2021