«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба


«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы
мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8351 болып тіркелген, 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қалалық мәслихаттың хатшысы                                                   Б. Ақжалов

Дата публикации
08 сентября 2021