жоба
«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 450 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37- бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 450 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5823 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің экономика және қаржы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек жөніндегі инспекция және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Б. Байахметов