Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 28 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2021 жылдың 1-ші жартыжылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
Жалпы 2021 жылдың 1-ші жартыжылдықтын ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 55 297,4 млн. теңге түсті, соның ішінде:
- 55 157,0 млн. теңге қалалық бюджетке түскен түсімдер;
- 140,4 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан.
Түскен қаражаттан 26 328,9 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 1 353,1 млн.тенге (5,1%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 9 022,5 млн.тенге (34,3%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 6,1 млн.тенге (0,03%), басқа да бағыттарға 15 947,2 млн.тенге (60,57%) жолданды.
Бекітілген кестеге сәйкес 2021 жылдың 1-ші жартыжылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.
Экономика және қаржы бөлімі