Семей қаласының әкімдігі қаулыларының кейбірінің күші жойылды деп тану туралы

Семей қаласының әкімдігі қаулыларының
кейбірінің күші жойылды деп тану туралы

 

«Құқықтық актілер» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелген);
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі № 1170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген).
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулылар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                            Б. Байахметов

Қаулыны енгізген:
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі                                                         М. Құржықаев

Келісілді:

Әкімнің орынбасары                                                                                    А. Садырбаев

Аппарат басшысы                                                                                         С. Азбергенов

Іс жүргізу талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексерілді
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы                                                           С. Байғалтинова

Бас маман: Г. Мәсәлімова, тел. 52-24-49, 150

Орындаған: А. Нұрлыбек, тел. 56- 62-10

Дата публикации
18 августа 2021