Хабарлама 2021 жылғы 25 шілдеде Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті

Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының бес ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
1. Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Айнабұлақ сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 132 азамат енгізілді, оның 119-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж. М. Әдкеев- 106 ; М. К. Муқанова-4; А. М. Тоқатаева-8.
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып Әдкеев Жаннұр Маратұлы сайланды, 1986 жылы туған, Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында әкім лауазымында жұмыс істейді, Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылында тұрады, НДПП «Ауыл» партиясы ұсынған;

2. Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Алғабас сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 501 азамат енгізілді, оның 460-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -2, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Т. Т. Құсаинов-435; Г. С. Құрманов-6; Б. Б. Зарлыханов-14.
Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Құсайынов Төлеген Теміржанұлы сайланды, 1974 жылы туған, Алғабас ауылдық округі әкімінің аппаратында әкім лауазымында жұмыс істейді, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылында тұрады;

3. Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Достық сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 822 азамат енгізілді, оның 745-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-19.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Н. Х. Жарлікенов-686; Б. Р. Айқожин-20; М. А. Байханов-17.
Достық ауылдық округінің әкімі болып 1961 жылы туған, Жарлікенов Нұркен Хұсатайұлы сайланды, Достық ауылдық округі әкімінің аппаратында әкім лауазымында жұмыс істейді, Достық ауылдық округінің Шекоман ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған;

4. Жиенәлі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жиенәлі сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 443 азамат енгізілді, оның 398-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 39.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Г. А. Сыздыханова-341; Н. А. Мүслиманова-3; А. М. Айтишева-8;
Жиенәлі ауылдық округінің әкімі болып Сыздыханова Гүлжан Аманжолқызы сайланды, 1977 жылы туған, Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппаратында әкім лауазымында жұмыс істейді, Жиенәлі ауылдық округінің Бөкенші ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған;

Жоғарыда баяндалғанды баяндай отырып, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабы, 46-бабы 3-тармағы, 113-111-бабы 1-тармағы негізінде Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Семей қаласының ауылдық округтерінің келесі әкімдерін тіркеді.


Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 июля 2021