Семей қаласы бойынша дауыс беру күнінің аяқталуы туралы
2021 жылғы 25 шілдеде сағат 20.00-де 4 сайлау учаскелерінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру аяқталды.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы күні бойы сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі бойынша мониторинг жүргізді, ол бойынша ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылды. Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 90,73% пайызды құрады.
Семей қаласы бойынша өтініштер мен шағымдар болған жоқ.