Ағымдағы жылғы 14 шілде мен 16 шілде аралығында Семей қаласында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауында сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқуды Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері өткізді.