Ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Семей қаласы

2021 жылдың 9 шілдесінің 18.00 сағатына сайлау науқанының ұсыну сатысы аяқталды. Семей қаласы бойынша барлығы 4 сайлау округінде 12 үміткер ұсынылды, олардың 4 (33,3%) – саяси партиялардан, 8 (66,7%) – өзін-өзі ұсынғандар.
«Nur Otan» саяси партиясы 3 үміткерді, ал «Ауыл» ХДСП бір үміткерді ұсынды.
Орташа бәсәкелестікті 3 адам құрды.
Қазір ұсынылған үміткерлер заңнамалар талаптарына сәйкестіктерін анықтау іс-шаралары өтуде, әрі оларды тіркеу жүруде. Олар 2021 жылдың 14 шілдесі күні сағат 18.00 аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9 тармақ 113-5 бабына сай, арнайы үміткерлерді тіркеу қортындысы БАҚ жарияланатын болады.

Дата публикации
10 июля 2021