Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ

Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4- тармағына, 22-бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын:
1) Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің – Айнабұлақ ауылдық округінің шегінде Айнабұлақ сайлау округі;
2) Алғабас ауылдық округі әкімінің – Алғабас ауылдық округінің шегінде Алғабас сайлау округі;
3) Достық ауылдық округі әкімінің – Достық ауылдық округінің шегінде Достық сайлау округі;
4) Жиенәлі ауылдық округі әкімінің – Жиенәлі ауылдық округінің шегінде Жиенәлі сайлау округі.

2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.


Сайлау
комиссиясының төрағасы                                                 З. Қ. Тоқаев

Сайлау
комиссиясының хатшысы                                                 Г. О. Жәлелова

Семей қаласы
25 маусым 2021 жыл
№ 9

Дата публикации
25 июня 2021