Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Семей қаласында 2021 жылғы 25 шілдеге:
- Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің;
- Алғабас ауылдық округі әкімінің;
- Достық ауылдық округі әкімінің;
- Жиенәлі ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Семей қаласының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3.Осы қаулы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы З. Қ. Тоқаев
Сайлау
комиссиясының хатшысы Г. О. Жәлелова
Семей қаласы
25 маусым 2021 жыл
№ 10