«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба

 


«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы
мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI
шешіміне өзгерістер енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8351 болып тіркелген, 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Семей қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.»,
8 тармақты толықтыру:
«14. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен зейнеткерлер.»,
13 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 бекітілген қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағида) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. «Адамның иммунитет тапшылығы вирусынан» (АИТВ) туындаған ауруы бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға, әлеуметтік көмек ай сайын отбасы кірісін есепке алмай көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғалар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және теңестірілген тұлғаларға «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес сонымен қатар кірістер есебінсіз осы Қағидалардың 8-тармағының 14) тармақшаларында айқындалған тұлғалар санаттарына санаторлық-шипажайға емдеу (санаторлық-шипажай ұйымдарына жолдама Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған) табиғи әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы                                                                                                Н. Альменева

Қалалық мәслихаттың
хатшысы                                                                                                 Б. Ақжалов

Дата публикации
10 июня 2021