жоба
2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге жұмыс орындары санынан осы қаулының қосымшасына сәйкес мөлшерде белгіленсін.
2. Семей қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі № 1170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Н. Сақтағанов