Семей қаласының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

жоба


Семей қаласының елді мекендерінің
шекараларын (шегін) белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 – тармағының 4) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласының елді мекендерінің шекаралары (шегі):
1) Алғабас ауылдық округі Алғабас ауылының жалпы алаңы 22 853,1 га
1-қосымшаға сәйкес;
2) Абыралы ауылдық округі Абыралы ауылының жалпы алаңы
13 511,5 га 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қараөлен ауылдық округі Кайнар ауылының жалпы алаңы 23 017,27 га 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулымен шешім оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі                                                                          Н. Сақтағанов


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы                                                              Н. Альменева

Қалалық мәслихатының
хатшысы                                                                            Б. Ақжалов

Семей қаласының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Дата публикации
21 апреля 2021