Семей қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласынның әкімі Е. Сәлімов