Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы №34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба
 
 
Семей қаласы мәслихаты
ШЕШІМ
 
 
Семей қаласы
«___»________2020 жыл №_____
 
 
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы   №34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармағына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңы 6 - бабының  1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI шешіміне тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы  31 қаңтарда тіркелген № 5-2-207) келесі өзгерістер:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалады:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармағына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңы 6 - бабының  1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережелерінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың осы Ережелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабын 4, 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін ұсыну ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді. «Тұрғын үй көмегі туралы (бұдан әрі-Ереже), 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін ұсынғаны үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуін өтеудің кейбір мәселелері туралы»;
8-ші тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы                                                С. Родионов
 
 
Қалалық мәслихат хатшысы                                                                           Б. Ақжалов
Дата публикации
17 февраля 2020