Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI «Семей қаласының ауылдық  елді мекендерінде тұратын  және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба         
 
 
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI «Семей қаласының ауылдық  елді мекендерінде тұратын  және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 
 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласының мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI «Семей қаласының ауылдық  елді мекендерінде тұратын   және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың  мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6033 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 28 маусымда жарияланған)  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Бірінші абзац 1-тармақ болып саналсын;
1-тармақ 2-тармақ болып саналсын; 
1 тармақтағы «8 АЕК мөлшерінде (сегіз айлық есептік көрсеткіш)» сөздері «31 104 теңге мөлшерінде;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының 
төрағасы                                                                              С. Родионов    
 
Қалалық  мәслихаттың 
хатшысы                                                                               Б. Ақжалов
                                                                                                               
 
 
 
 
Дата публикации
31 января 2020