Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

   жоба
 
 
Әлеуметтік  көмек  көрсетудің, оның  мөлшерлерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы  31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының 
төрағасы                                                                                     С. Родионов    
 
Қалалық  мәслихаттың 
хатшысы                                                                                     Б. Ақжалов
Дата публикации
31 января 2020