«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Семей қаласының мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Осы қаулы Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет - парақшасында және «Семей таңы» мен «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Төраға А.Курмангалиев
Хатшы Н. Идрисова