Семей қаласы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріндегі мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 ҚАУЛЫ

Семей қаласы № 5 « 08 » қазан  2026 жыл

Семей қаласы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріндегі мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы   Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы                    

 Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысы Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 44 «Семей қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Семей қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 22 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.»;

  1. Қаулы Семей қаласының мәслихатына жіберілсін.

  2. Осы қаулы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.

 

 

Семей қаласының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                           А. Курмангалиев

Семей қаласының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                           Н. Идрисова

 

Дата публикации
09 октября 2026