Семей қаласының 2026 жылғы қаңтар - шілде айларының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпарат.

2026 жылдың қаңтар - шілде айларында өнеркәсіп өнімі 271 388,7 млн. теңге көлемінде орындалды. Өсу қарқыны 124,2 %,  нақты көлем индексі - 111 % (2025 жылғы қаңтар – шілде  айлары - 218 435,0 млн. теңге).                                                  

Жоспар - тапсырма 250 200,3 млн. теңге. Орындалуы 108 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 240 778,3 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 124,5 %, НКИ - 105 %, немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінен 47 381,0 млн. теңгеге артық (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 193 397,3 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 238 221,5 млн. теңге. Орындалуы 101,1 % - ды құрады.  

Тау - кен өнеркәсібінің көлемі 2 922,7 млн. теңге, өсу қарқыны 114,2 %, нақты көлем индексі - 110 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 2 541,5 млн. теңге). 

Жоспар - тапсырма 2 922,7 млн. теңге. Орындалуы 99,3 % - ды құрады.                                                

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 906 млн. теңгені, өсу қарқыны 139,2 % - ды, нақты көлем индексі 110 % - ды құрады (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 7 118,3 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 7 830,1 млн. теңге. Орындалуы 126,5 % - ды құрады.    

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66 664,4 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 101 %, нақты көлем индексі 93,3 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 66 034,4 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 109 277,8 млн. теңге. Орындалуы – 61,0 %.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 50 526,8 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 116,4 %, нақты көлем индексі – 103,9 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 43 395,7 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 48 500,0 млн.  теңге, орындалуы – 105,3 %.

89 549 шаршы метр тұрғын үй қаңтар - шілде айларында енгізілді, өсу қарқыны 105,2 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 85 159,0 шаршы метр).

Жоспар - тапсырма 49 066,0 шаршы метр, орындалуы – 185,5 %.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  289 526,0 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың  ұқсас  кезеңінен 42 535,1 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 117,2 %, нақты көлем индексі 106 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 246 990,9 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 280 877,5 млн. теңге, орындалуы - 103,1 %.

Көтерме сауда айналымының көлемі 195 377,4 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,8 %, нақты көлем индексі - 103 % (2025  жылғы қаңтар - шілде айлары – 176 312,3 млн. теңге).

Жоспар - тапсырма 196 059,3 млн. теңге, орындалуы 99,7 %.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  саны - 28 227 бірлік, өсу қарқыны 87,3 % немесе 4 047 бірлікке кем (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 32 324,0 бірлік).

Жоспар - тапсырма 32 176 бірлік, орындалуы – 87,7 %.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 36 779,2 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 28,9 % немесе 14 963,4 млн. теңгеге кем.

Жоспар - тапсырма 43 572,9 млн. теңге, орындалуы 84,4 %.

Дата публикации
21 августа 2026