
Алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға байланысты дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдардың қатынауын қамтамасыз ету үшін «Инватакси» қызметінің кезекші автокөліктері жұмыс істейтін болады.
Қызмет сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін көрсетіледі.
«Инватакси» қызметін алу үшін өтінімді жоспарланған сапар күнінен бір тәулік бұрын қызмет көрсетуші ұйымға телефон соғу арқылы беру қажет.
«Инватакси» диспетчерлік қызметінің байланыс нөмірлері:
- қалалық телефон: 36-12-88;
- ұялы телефондар: 8 700 874 97 97, 8 707 597 80 28 (өтінім қабылдау үшін).
Аталған қызмет мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруге қолжетімділігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.