Акимат города Семей

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көркейту және ТҮКШ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Семей қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасады.

Жылумен жабдықтау

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы 5,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 2,8 млрд теңге қарастырылған.

«ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мердігер ұйымымен тиісті шарттар жасалып, қазіргі уақытта қаланың 13 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ЖЭО-1, РК-1, РК-2, РК-3, «Орталық», «103-103А», «Ғаббасов», «Зооветеринария институты», «Жолшы», «35-орам», «5-интернат», «АБ орамы» және «МЭН» қазандықтарында жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 38,3 шақырым жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Оның ішінде 19,3 шақырым желі реконструкцияланады, 16 шақырымға ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ «Теплокоммунэнерго» МКК-ның меншікті қаражаты есебінен 6 шақырым жылу желісі жөнделуде.

Қаланың жылу инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы бұл көрсеткіш 75%, 2024 жылы – 68%, 2025 жылы – 61,5% болды. 2026 жылға жоспарланған жұмыстар толық аяқталған жағдайда тозу деңгейін 54,1%-ға дейін төмендету көзделген.

Сумен жабдықтау

2026 жылы қаладағы су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 236,1 млн теңге бөлінді.

«Семей Водоканал» МКК тарапынан Бозтаев көшесі бойымен су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Юность» кентінің су құбыры желілерін реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 6 шақырым су құбыры желілерін реконструкциялау жоспарланған. Жобаның жалпы құны 299,5 млн теңгені құрайды.

2025 жылы басталған және 2026 жылы аяқтау жоспарланған өтпелі жобаларды іске асыру да жалғасуда. Олардың қатарында:

  • «Восточный» саяжай алабы арқылы Солтүстік кентінің желілерін сақиналау арқылы су құбыры желілерін салу («BusinessStroyHome» ЖШС);
  • Мұрат кентінен Бобровка саяжай алабына дейін су құбыры желілерін салу;
  • Семей қаласының Солтүстік кенті ауданында су құбыры желілерін салу;
  • «Мясокомбинат» кәріз коллекторын санация әдісімен реконструкциялау.

Қаланың оң жағалауындағы сумен жабдықтауды тұрақтандыру мақсатында 2026 жылдың басында қала әкімінің резервінен 440 млн теңге бөлінді. Қаражат есебінен «Смычка» су алу құрылысында 7 ұңғыма бұрғыланып, сорғы қондырғылары жаңартылды.

Қаланың оң жағалауын тұрақты сумен қамтамасыз ету және жаңа су алу құрылысын салу мақсатында «Семейгидрогеология» ЖШС-мен шарт жасалып, қазіргі уақытта гидрогеологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Ыстық сумен жабдықтау

2026 жылғы 21 сәуірде жылыту маусымы аяқталғаннан кейін Семей қаласының тұрғындарына ыстық су беру басталды.

Қазіргі уақытта орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған 697 көпқабатты тұрғын үйдің 510-ы тұрақты ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Кәріз жүйесін жаңғырту

Қаланың кәріз жүйелерінің техникалық жағдайын бағалау мақсатында мердігер ұйыммен шарт жасалып, кәріз коллекторларына техникалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Кәріз жүйелерінің тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар инженерлік-коммуникациялық желілердің сенімділігін арттыруға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Негізгі жобалар:

  1. «Ет комбинаты» (1939 жыл) ауданындағы кәріз коллекторын санация әдісімен реконструкциялау.

    Жобаның жалпы ұзындығы – 5,4 шақырым, сметалық құны – 1,7 млрд теңге.

  2. Мұхамедханов көшесі бойындағы (1971 жыл) кәріз коллекторын реконструкциялау.

    Жобаның ұзындығы – 2,4 шақырым, сметалық құны – 880 млн теңге.

  3. «Загородный» (1990 жыл) кәріз коллекторын реконструкциялау.

  4. Жобаның жалпы ұзындығы – 8,8 шақырым, сметалық құны – 9,6 млрд теңге.

Кәріздік тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 83% құрайды. Қазіргі уақытта оларды реконструкциялау мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Қала ішіндегі кәріз коллекторларының жалпы тозу деңгейі 75% құрайды.

Сонымен қатар кәріз жүйесін жаңғырту мақсатында Камволды-шұға бірлестігі аумағындағы кәріз жүйесіне, Тері зауытының кәріз желілеріне және №9 кәріз коллекторына техникалық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Аула аумақтарын абаттандыру

Қала аумағындағы тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 50-ден астам тұрғын үй ауласында жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде 9 аула «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылуда.

Бүгінде 21 аулада құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жұмыстар барысында балалар ойын алаңдары, спорт және футбол алаңдары, демалыс аймақтары жаңартылып, жаңа жарықтандыру жүйелері орнатылуда.

Санитарлық тазалық және көгалдандыру

2026 жылғы 1 сәуір мен 30 мамыр аралығында Семей қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-экологиялық екі айлық өткізілді.

Осы кезеңде 17 жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, оған 50 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сенбіліктерді өткізуге 60-тан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам орыннан 19 837 текше метр қоқыс шығарылды. Оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған 22 аумақтың 18-і толық тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2026 жылға жоспарланған 8 000 ағаш отырғызу жоспары толық орындалды. Көктемгі кезеңде 3 775 ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар көктемнен бері қала көшелеріне 12 000 түп көшет отырғызылып, бұл 3 000 метр жасыл қоршауды қалыптастыруға мүмкіндік берді. 7 487 шаршы метр аумаққа біржылдық гүлдер, 320 шаршы метрге көпжылдық раушан гүлдері егілді және 4 800 шаршы метр аумаққа көгал төселді.

Көгалдандыру жұмыстары Титов және Тельман көшелерінде, Қарағайлы шағын ауданында, Әуежай бағыты бойында, Бейбітшілік аралында және қаланың басқа да аумақтарында жүргізілді.

Қала көшелерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында мердігер ұйым тарапынан заманауи арнайы техника сатып алынды.

Жағажайларды абаттандыру және жазғы демалыс

Жазғы демалыс маусымында тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау мақсатында коммуналдық жағажайларды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Пристань», «Затон» және «Заря» коммуналдық жағажайлары абаттандырылып, құм төселді. Аталған аумақтарда шатырлар, шезлонгтар, спорт алаңдары, киім ауыстыратын кабиналар және қоғамдық дәретханалар орнатылды.

Сонымен қатар құтқару мұнаралары мен медициналық пункттер жабдықталып, кәсіби құтқарушылардың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылды.

Жазғы кезеңде масалар мен басқа да зиянкестерге қарсы дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық кеңістіктерді жаңарту

Семей қаласында қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

«Өлімнен де күшті» мемориалы маңындағы 10 мың шаршы метр аумақ толық реконструкцияланып, абаттандырылды және автоматты суару жүйесі орнатылды.

Қазіргі уақытта Әміре Қашаубаев атындағы филармония алдындағы қоғамдық кеңістікте 5 мың шаршы метр аумақты жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қала көшелерінде тұрғындардың жайлы демалысы үшін 192 жаңа орындық және 310 жаңа қоқыс жәшігі орнатылды.

Қаланы цифрландыру және тұрғындарға ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында көшелерге QR-коды бар 1 300 ақпараттық аншлаг орнатылды.

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 12 жабық қоқыс алаңы пайдалануға берілді.

Аталған жұмыстар Семей қаласының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге, қаланы көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Жыл соңына дейін коммуналдық инфрақұрылым нысандарындағы жөндеу және жаңғырту жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету шаралары жалғастырылады.

Документы
Ақпарат
08 июля 2025
2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша абаттандыру жөніндегі ақпарат.
Қаулы
02 мая 2025
Семей қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Хаттама
27 декабря 2023
ҚТҚ нарығына қатысушыларды айқындау жөніндегі конкурстың (тендердің) қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Семей қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша көрсетілетін қызметтің жабдықтаушысын анықтауға тендер өткізу жөніндегі хабарландыру
Сумен жабдықтау жзне су бұру желілеріне қосылу зрекетінің алгоритмі:
2021 жылғы 1 сәуірге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
"Келешек" МЭП МКК"
Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығына негізделген «Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы