

Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы туралы 2026 жылдың III тоқсаны бойынша ақпарат
«Smart City» әкімшілік-іскерлік орталығының жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу қажеттілігіне, сондай-ақ қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және өзектендіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізу бойынша шарт жасасты. Жобаны әзірлеуші ретінде «Град Проект KZ» ЖШС айқындалды. Бастапқы деректерді жинау және жүйелеу жұмыстары жүргізіліп, аумақтың тірек жоспары қалыптастырылды, қаланың қоныстану жүйесіндегі орналасу схемасы әзірленді. «Аумақты кешенді қала құрылыстық бағалау» және «Әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау және болжау» бөлімдері, оның ішінде 2041 жылға дейінгі халық санының демографиялық болжамы әзірленді. Қаланың негізгі көлік қаңқасы айқындалды.
Стратегиялық экологиялық бағалаудың бірінші кезеңі бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің оң қорытындысы алынды.
2026 жылғы 6 қазанда Абай облысы Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдаулар барысында жобаның негізгі ережелері қаралып, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Бас жоспарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекіту 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізумен қатар «Smart City» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Жоба 75 мың адамға арналған тұрғын үй қорын және 40-тан астам түрлі мақсаттағы нысандарды, оның ішінде мектептерді, балабақшаларды, медициналық мекемелерді, филармонияны, медиаорталықты, Ғалымдар үйін, Достық үйін, көрме орталығын, этнопаркті, Конгрсс-холлды, Жастар сарайын, Жекпе-жек сарайын, спорт стадионын, аквапарк пен саябақ аймақтарын салуды көздейді.