

2026 жылдың I тоқсанындағы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпарат
Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамыту және экономиканы цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылады.
ӨНЕРКӘСІП
2026 жылғы қаңтар – қыркүйек аралығындағы Семей қаласы бойынша өнеркәсіп (тауарлар, қызметтер) көлемі 339,0 млрд. теңгені құрады, НКИ – 119,0 %, өсу қарқыны 125,2 % немесе бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2025 жылғы қаңтар – қыркүйек – 270,7 млрд. теңге) 68,3 млрд. теңгеге артық.
Қаланың өңдеу өнеркәсібінде ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 305,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ - 118,1 %, өсу қарқыны 126,9 % немесе бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен (2025 жылғы қаңтар – қыркүйек – 241,1 млрд. теңге) 64,8 млрд. теңгеге артық.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады, НКИ - 113,8 %, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2025 жылғы қаңтар – қыркүйек – 3,2 млрд. теңге) 0,5 млрд. теңгеге аз.
ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС
2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің 30 428 субъектісі тіркелген. Бұл Абай облысы бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санының (52 684 бірлік) 57,7% құрайды.
Анықтама үшін: оның ішінде 25 086 - жеке кәсіпкер (82,4%), 4 965- заңды тұлға (16,2%).
Қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 281 бірлікті құрады. Бұл Абай облысы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санының (49 882 бірлік) 56,7% сәйкес келеді.
Анықтама үшін: оның ішінде 23 944 - жеке кәсіпкер (84,7%), 3 977 - заңды тұлға (14%).
Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 62 684 адам жұмыспен қамтылған. Бұл Абай облысындағы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының (97 176 адам) 64,5% құрайды.
Қарастырылып отырған кезеңде Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 194,6 млрд теңгені немесе Абай облысы бойынша жалпы көлемнің (296,9 млрд теңге) 65,5% құрады.
Семей қаласы бойынша 2026 жылдың басынан бері барлық кәсіпкерлік субъектілерінен (ірі, орта және шағын бизнес) түскен салық түсімдері 162 700 432,9 теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің (110 661 526,7 теңге) 147,0% тең.
Оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдері 86 540 525,5 теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің (66 659 731,9 теңге) 129,8% құрады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Кәсіпкерліктің тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, өндіріс көлемін ұлғайту және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шаралары іске асырылуда.
Кәсіпкерлерге мынадай қолдау құралдары қолжетімді:
- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
- № 1 және № 2 Кепілдік қорлары арқылы кредиттерге кепілдік беру;
- «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңілдікпен кредит беру;
- «Іскер Аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы.
Аталған шараларды іске асыру кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауға, жаңа өндірістер құруға және Семей қаласындағы кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі дамытуға бағытталған.