

Абай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алады?
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Абай облысы бойынша «109» бірыңғай нөмірі бар Call – орталық іске қосылды және референдумда дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.
Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call – орталықтың демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейді.
Telegram-bot арқылы сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді (https://t.me/vote_abai_bot) Бұл қызметті пайдалану үшін Telegram арнасында аккаунт қажет.
Семей қаласы әкімдігі жанындағы Call-орталық: 8 (7222) 52-21-36, 8 (7222) 56-50-42.
Жұмыс уақыты-дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-14.30).