
2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жер балансына сәйкес Абай облысы Семей қаласының аумағы 29,8 мың гектарды құрайды, оның ішінде:
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 бірлескен қаулысы және Абай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі - № 14/103-VIII «Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» шешімі негізінде Абай облысы Семей қаласының шекарасы белгіленіп, елді мекеннің жалпы аумағы 29,8 мың гектарды құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 825 «Абай облысы Семей қаласының бас жоспары туралы» қаулысына сәйкес Семей қаласының жаңа бас жоспары бекітіліп, онда елді мекеннің аумағы 33,0 мың гектар болып айқындалды.
Осыған байланысты Семей қаласының шекарасын жаңа бас жоспармен белгіленген қолданыстағы шекараларға сәйкес өзектендіру туралы шешім қабылданды. Осыған орай, Семей қаласы елді мекенінің аумағының ұлғаюына және Жаңасемей ауданының Мұрат, Жарқын және Кіші Ақтөбе ауылдарын қаланың әкімшілік аумағына енгізуге байланысты Абай облысы әкімдігінің бұрын қабылданған бірлескен қаулысы мен Абай облыстық мәслихатының шешімін қайта бекіту қажеттілігі туындады.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау мақсатында Жер қатынастары бөлімі 2025 жылғы 19 ақпанда Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалымен (бұдан әрі - әзірлеуші) қаланың шекарасын белгілеу жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлеуге қойылатын қажетті талаптардың техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін шарт жасасты.
Аталған шарт толық көлемде орындалды. Қаланың шекарасын белгілеу жөніндегі жерге орналастыру жобасы тиісті мемлекеттік органдармен келісілді.
2025 жылғы 12 маусымда КЕ АҚ тарапынан жоба әзірленді. Жобаға сәйкес Абай облысының Бесқарағай ауданынан жалпы ауданы 104,7 гектар жер Семей қаласының шекарасына берілді. Сондай-ақ Абай облысының Жаңасемей ауданынан жалпы ауданы 3 520,4 гектар жер Семей қаласының шекарасына енгізілді.
Сонымен қатар Абай облысы Семей қаласының әкімшілік аумағынан жалпы ауданы 404,1 гектар жер Жаңасемей ауданының шекарасына берілді.
2025 жылғы 12 маусымда КЕАҚ тарапынан жоба әзірленді. Жобаға сәйкес Абай облысының Бесқарағай ауданынан жалпы ауданы 104,7 гектар жер Семей қаласының шекарасына берілді. Сондай-ақ Абай облысының Жаңасемей ауданынан жалпы ауданы 3 520,4 гектар жер Семей қаласының шекарасына енгізілді.
Сонымен қатар Абай облысы Семей қаласының әкімшілік аумағынан жалпы ауданы 404,1 гектар жер Жаңасемей ауданының шекарасына берілді.
Нәтижесінде Абай облысы Семей қаласының аумағы 33 042,3 гектарды құрады.
Осыдан кейін Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 584 қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 45/243-VIII «Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 бірлескен қаулысына және Абай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII «Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізу туралы» шешімімен тиісті өзгерістер енгізілді.
Аталған жоба Абай облысы Семей қаласының шекарасын белгілеу туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін Семей қаласы әкімінің 2025 жылғы 10 қарашадағы хатымен Абай облысының әкімдігіне жолданды.
2026 жылғы 19 маусымда Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысымен және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының шешімімен «Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» жаңа жоба қарау жоспарланған болатын.
Аталған жобада Семей қаласы елді мекенінің аумағының ұлғаюына байланысты Жаңасемей ауданының келесі елді мекендерін: Мұрат ауылы, Жарқын ауылы және Кіші Ақтөбе ауылын Семей қаласының әкімшілік аумағына енгізу мәселесі көзделген.
Абай облысы Семей қаласының әкімі Жарқын ауылының тұрғындарына Семей қаласының бас жоспарына (бұдан әрі – бас жоспар) тиісті өзгерістер енгізілетінін уәде еткен болатын. Атап айтқанда, Жарқын ауылының жерлерін қала құрамынан шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабына сәйкес саяжай мақсатындағы жер учаскелерін беру мүмкін болмағандықтан, «Солнечная долина» массивін Жаңасемей ауданының аумағына беру көзделуде.
2026 жылдың III тоқсанында жер мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардан 2880 хат-өтініш келіп түсті.
Жер мәселелері бойынша қала әкімдігінің 1240 қаулысы қабылданды.
Жеке және заңды тұлғалармен 721 шарт жасалды, оның ішінде:
2026 жылдың III тоқсанында жер қатынастары саласында төмендегідей 7674 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
|
Рет № |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы |
2026 жылдың III тоқсанында көрсетілген қызметтер саны |
|
1 |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту |
1224 |
|
2 |
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру |
14 |
|
3 |
Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды алу (ЕГКН) |
745 |
|
4 |
Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу (2-кезең) |
265 |
|
5 |
Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау |
15 |
|
6 |
Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеу шартымен сату |
8 |
|
7 |
Жер учаскесін алуға кезекке қою |
5403 |
Өткен кезеңде жергілікті бюджетке келесідей түсімдер түсті:
КБК 105315 - жер учаскелерін жалға беруден түскен түсімдер - 195391,4 мың теңге;
КБК 303101 - жер учаскелерін жеке меншікке сатудан түскен түсімдер - 260 937,1 мың теңге;
КБК 303202 - жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан түскен түсімдер - 90 664,7 мың теңге. Қала бюджетіне барлығы - 546 994,1 мың теңге түсті.
мың теңге
|
Атауы |
2026 жылға жоспар |
2026 жылдың 01.06. жоспар |
2026 жылдың 30.06. түсімдер |
Ауытқу |
|
105 315 |
320 000,0 |
175 868,7 |
195 391,4 |
+ 19 522,7 |
|
303 101 |
300 000,0 |
187 527,1 |
260 937,2 |
+ 73 410,1 |
|
303 202 |
132 000,0 |
71 917,7 |
90 665,5 |
+ 18 747,8 |
|
Итого: |
752 000,0 |
435 313,5 |
546 994,1 |
+111 680,6 |
2026 жылдың III тоқсанында жер қатынастары бөлімі коммерциялық мақсаттағы 40 жер учаскесінің 3 жыл мерзімге жалдау құқығын сату бойынша 6 аукцион өткізді.
Аукционға шығарылған 40 жер учаскесінің бастапқы бағасы 4 347 558 теңгені құрады. Аукцион қорытындысы бойынша жер учаскелерін сату бағасы 96 624 678 теңгені құрады.