

Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, дене шынықтыру және спорт бөлімі қалалық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу мен қала құрама командасын жасақтап, облыстық жарыстарға қатысуы үшін іс сапарға жіберу функциясын атқарады.
2026 жылы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау бойынша келесідей жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы қалалық бюджеттен дене шынықтыру және спортты дамытуға, яғни спорт түрлері бойынша қалалық жарыстарды (чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктер, турнирлер, лигалар және спартакиадалар) өткізу үшін қалалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді.
Бөлінген қаражат аясында ағымдағы жылы бөлімнің бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес ағымдағы жылы спорт түрлері бойынша 300-ге жуық қалалық жарыстар өткізу жоспарланған. Былтырғы жылмен салыстырғанда қалалық жарыстардың саны 38,9 % артып отыр. 2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, 90-ға жуық спорттық жарыс өткізілді.
Алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралардың ішінде келесідей ауқымды спорттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда:
- Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған қалалық кіші спартакиада;
- Қала күніне арналған күштік экстримнен «Семей батыры» турнирі;
- ҚР Спорт күніне арналған қаламыздың спорт саласының мамандары мен спорт ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсім, қала күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета, қала тұрғындары үшін жалпы қалалық таңғы жаттығу;
- Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қалалық спартакиада, мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы, ЖОО мен колледж мұғалімдерінің спартакиадасы, қалалық студенттер спартакиадасы жарыстарын өткізу;
Қазіргі таңда жоспарланған іс-шаралардың ішінде келесідей ауқымды спорттық іс-шаралар өткізілді:
- Футзалдан «Әуесқойлар лигасы» жарысы;
- «Наурыз» мерекесіне арналған қазақ күресінен «Наурыз батыры» жарысы және қол күресі, гір көтеру, асық атудан қалалық турнирлер;
- «Қазақстан баскетболының 100 жылдығы» мерейтойы аясында баскетболдан 4 кезеңнен тұратын қалалық әуесқойлар лигасы жарысы (1-ші, 2-ші және 3-ші кезең жарыстары өткізілді);
- Волейболдан Семей қаласының әуесқой командалары арасында алғаш рет 4 кезеңнен тұратын «Қалалық әуесқойлар Лигасы» жарысы;
- Шағын-футболдан «Әуесқойлар лигасы» жарысы;
- «Бірлік жүгірісі» қалалық шағын марафоны;
Сонымен қоса, 2026 жылы бірқатар айтулы даталар бар: «Қазақстан баскетболының 100 жылдығы», Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл, Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 75 жыл. Ағымдағы жылы жоспарланған шаралар осы мерейтойларға арналып өткізілетін болады.
Анықтама ретінде: 2025 жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес 216 қалалық спорттық жарыс өткізіліп, оларға 50 мыңнан астам спортшы қатысты. Олардың ішіндегі ауқымдылары:
- «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық жарыстар, «Бірлік жүгірісі»;
- Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Бейбітшілік аралындағы этноауылда 10 спорт түрінен ашық қалалық жарыстар;
- Күштік экстримнен «Семей батыры» турнирі;
- Семей – Қарауыл бағытындағы 180 шақырым ультрамарафон.
- 19 тамыз ҚР Спорт күніне арналған қаламыздың спорт саласының мамандары мен спорт ардагерлерін салтанатты марапаттау рәсімі, қала күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета, қала тұрғындары үшін жалпы қалалық таңғы жаттығу.
2023 – 2029 жылғы спортты дамыту концепциясында көрсетілген мақсатты индикаторға сәйкес, қолданысқа берілетін спорттық ғимараттар мен өткізілетін спорттық шараларды арттыру есебінен 2026 жылы Семей қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халық санын 44,3 % жеткізу жоспарлануда.
Анықтама ретінде: 2025 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық есепке сәйкес Семей қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 132 276 адам айналысады, яғни бұл көрсеткіш қала тұрғындарының 42 % құрады.
Ағымдағы жылы бөліммен спорт түрлері бойынша қалалық іріктеу жарыстарынан жеңімпаз болып, қала құрама командасының құрамына енген спортшыларды, облыстық жарыстарға қатысуын қамтамсыз ету үшін қалалық бюджеттен қалалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді.
2026 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес 70-тен астам облыстық жарыстарға 1100-ге жуық қаланың спортшыларын іс сапарға жібере отырып, оның ішінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер санын 1 орын- 100 спортшы, 2 орын - 160 спортшы, 3 орын - 450 спортшыға арттыру көзделуде. Былтырғы жылмен салыстырғанда іс-сапарға жіберетін облыстық жарыстардың саны 37,3 % артып отыр. Жыл басынан бері 23 обыстық жарыстарға 450-ге жуық қаланың спортшылары іс-сапарға жіберілді.
Анықтама ретінде: 2025 жылға арналған спорттық – бұқаралық іс – шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес 51 облыстық жарыстарға 980 қаланың спортшылары іс сапарға жіберлді. Оның ішінде 78 спортшы - 1 орын, 132 спортшы - 2 орын, 351 спортшы - жүлделі 3 орын иеленді.
Бұдан бөлек, 2026 жылы қала тұрғындарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту үшін қалалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат аясында ағымдағы жылы қалада адам көп шоғырланатын қоғамдық кеңістіктер белгіленіп, 12 спорт түрінен барлық жастағы азаматтар үшін «Баршаға арналған спорт» тегін жобасын іске асыруды жалғастыру жоспарлануда. Жоба 2026 жылдың шілде айынан бастап қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.
Қазіргі таңда жеткізушіні анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп, анықталды.
Анықтама ретінде: 2025 жылы жоба аясында CrossFit, Yoga, Zumba, Street Workout, шахмат, садақ ату, скандинавиялық серуендеу, бадминтон, жағажай волейболы, жүгіру сияқты 10 спорт түрінен 100 іс-шара өткізіліп, оған 5000-нан астам адам қатысты.
2026 жылы қолданысқа берілетін спорттық ғимараттар мен күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізілетін спорттық шаралардың санын 50-ге арттыру есебінен Семей қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандар санын 1 400 адамға жеткізу жоспарлануда. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,1 % артады, яғни 23,1 % жетеді.
Анықтама ретінде: 2025 жылдың мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 32 спорттық шара өткізілді. Статистикалық есепке сәйкес спортпен шұғылдануға рұқсат етілген 6 047 адамның 1 149 адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш дене шынықтырумен айналысуға рұқсат етілген мүгедектер санының 19 %-ын құрайды.
Бұдан бөлек, быйылғы жылы «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 15 жарыс, «Спорт терроризмге қарсы» ұранымен 60-қа жуық жарыс өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланың спорттық қауымдастығының қатысуымен 15-ке жуық терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған түсіндірме кездесулер өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейінгі аралықта бөлімнің ұйымдастыруымен әртүрлі спорт түрлерінен «Спорт терроризм мен экстремизге қарсы» тақырыбында 14 қалалық жарыс өткізіліп, федерациялардың жаттықтырушылары және спортшыларымен 3 түсіндірме кездесу ұйымдастырылды.
Анықтама ретінде: 2025 жылы «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 6 жарыс, «Спорт терроризмге қарсы» ұранымен 38 жарыс өткізілді. Қаланың спорттық қауымдастығының қатысуымен 9 терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған түсіндірме кездесулер өткізілді.
Қаланың спорттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2026 жылы «Водный» және «Бобровка» кенттеріндегі спорт кешендерін, «Ұшақтар» кентіндегі «Елімай» футбол клубының жабық футбол манежін, «Ұшақтар» кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және Шәкәрім университетінің №1 спорт ғимаратындағы жүзу бассейнін қолданысқа беру арқылы спорт ғимараттар санын 81-ге, қолданысқа берілген оқушылар сарайының және қолданысқа беретін Шығыс кентінде салынып жатқан ЖБОМ-ің, Посмакова, 70 мекен-жайында орналасқан ғимараттың (бұрынғы Заман колледжі) есебінен спорт залдар санын 128 – ге арттыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда, «Водный» және «Бобровка» кенттеріндегі спорт кешені, Шәкәрім университетінің №1 спорт ғимаратындағы жүзу бассейні және Посмакова, 70 мекен-жайында орналасқан ғимарат спорт залы (бұрынғы Заман колледжі) қолданысқа берілді.
Анықтама ретінде: 2025 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық есепке сәйкес қалада 76 спорттық ғимарат және 124 спорт залы бар: 1 стадион, 6 спорттық кешен, 1 атыс алаңы, 4 ашық хоккей қорабы, 7 бассейн, 56 спорт алаңы, 1 футбол манежі.
Сонымен қоса, Семей қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Правда көшесі, 66 мекен-жайындағы «Локомотив» стадионы аумағында көпсалалы спорт кешені құрылысының басталуы жоспарлануда. (Қазіргі таңда аталған ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, сараптамасы дайын).
2026 жылғы футбол маусымында «Спартак» стадионында «Елімай» футбол клубының Премьер Лига ойындарымен қатар UEFA Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі ойынын өткізді.
Стадионның UEFA-ның минималды талаптарына сәйкес келуі және тиісті санатқа ие болуы үшін осы жылы «Спартак» стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Семей қаласының 34 спортшысы әр түрлі спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғарғы нәтижелер көрсетті.
Оның ішінде келесідей әлемдік аренада жеңіске жеткен спортшылар бар:
- Жетпісбаева Айым Айтмұхамбетовна - Сурдо дзюдодан 25-ші Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды;
- Исахан Аяна Жарасқызы - тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды;
- Оралбек Аллан Ержанұлы - Еркін күрестен жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды;
- Ионин Яков – пауэрлифтингтен әлем Чемпионы атанды;
- Даулетшина Айкенже Тұрсынгазыевна - Пара таеквондодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды;
- Данил (Molodoy) Голубенко – киберспорттан CS 2 нұсқасы бойынша META Cup Season 1 халықаралық турнирінің деңімпазы атанып жыл қорытындысы бойынша әлемнің «2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы» номинациясын жеңіп алды;
- Вадим Чебардаков - жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден Әлем Чемпионатында масс-старт сайысында алтын медаль жеңіп алды;
- Анастасия Беловодова - конькимен жүгіруден Әлем Чемпионатында қыздар арасындағы командалық спринтте алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қоса, 2026 жылдың 17-22 мамыр күндері аралығында Семей қаласында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындары өтті. Жарысқа Абай облысының аудандары мен қалаларының спорт түрлері бойынша командалары қатысты.
Жарыс бағдарламасына сәйкес қатысушылар футзал, волейбол (ерлер, әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), асық ату, қазақ күресі, қол күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, гір көтеру спорты түрлерінен сайысқа түсті.
Абай облысының 10 ауданы мен 2 қаласының командалары қатысқан халық спорты ойындарының қорытындысы бойынша Семей қаласының құрама командасы 10 спорт түрінен 245 ұпай жинап жалпы командалық есепте 1 орын иеленді.
Қалада Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты әр түрлі бағыттағы 8 спорт мектебі және 2 спорт клубы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда аталған спорт мектептерінде 6000 – нан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануда.
2026 жылы бөліммен уәкілетті орган ретінде, спорт разрядтары мен санаттарын тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер жүйелі түрде көрсетіледі.
Анықтама ретінде: 2025 жылы бөліммен 775 мемлекеттік қызмет көрсетілді.