

Мәдениет мекемелерінің 2026 жылдың 3 тоқсанында өткізілген жұмыс туралы ақпарат
Тұрғындардың рухани дамуын және демалысын ұйымдастыру мақсатында 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша жалпы мәдениет мекемелерінде барлығы 1030 мәдени көпшілік іс – шаралар өткізіліп, оған 131200 адам қамтылды. Жалпы 1030 іс-шараға кіреді: 88 - дөңгелек үстел, 75 - танымдық сағат, 70 - ақпараттық сағат, 25 - кітап көрмелері, 743 - концерттік бағдарламалар, 29 - акция өткізілді.
Сонымер қатар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әрбір мәдениет мекемесінің жанынан қала тұрғындарының бос уақытына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралардан басқа үйірме бірлестіктері жұмыс істейді. Қаладағы қалалық мәдениет мекемелерінде барлығы 54 үйірме бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді, қатысушылар саны 575 адам. Тілдерді дамыту
Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту мақсатында білім сайыстары, әдеби квест, квиз, мәнерлеп оқу байқаулары, тіл фестивалі және жарнама тілін заң талаптарына сәйкестендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2026 жылдың 10 айында 26 шара өтті.
Сонымен қатар, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерін Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында ақпан және мамыр, тамыз айларында «Көркем тіл – көрікті жарнама» айлығы ұйымдастырылды.
Ономастика
2026 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мемлекет басшысының жергілікті қаһармандардың есімдерін елді мекендердегі көшелерге беру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында көше атауларын қайта атау жұмыстары жүргізілді.
Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 114 қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 38/256-VIII бірлескен шешіміне сәйкес Семей қаласындағы 17 көшенің атауы өзгертіліп, оларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігімен және елге сіңірген еңбегімен танылған тұлғалардың есімдері берілді.
Семей қаласындаорналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға бағытталған жұмыстар туралы
Семей қаласының аумағында 56 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген.Оның ішінде 36 сәулет және қала құрылысы, 18 монументалды өнер, 2 ансамбльдер мен кешендер бар.
2025 жылы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне 3 монументалды өнер нысаны қосылды (Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі қиылысындағы Шәкәрім ескерткіші, «Абай ұлдарымен», «Ұстаз бен Шәкірт» ескерткіштері)
Ағымдағы жылы Чернышевский атындағы № 1 мектеп ғимаратының қасбеті толық жөнделіп,радиотехника және байланыс колледжі ғимаратының инженерлік жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі менЕкімұнаралы мешіт ғимараттарынын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі күні, Невзоровтар отбасы музейінің (көпес Степановтың бұрынғы үйі, 1870 ж.) сырт келбетіменӘйелдер гимназиясының ғимаратын (зооветеринарлық институт,1873 жыл) толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.