

Семей қаласының 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларының қорытынды әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері туралы
2026 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімі 339 054,9 млн. теңге көлемінде орындалды. Өсу қарқыны 125,2 %,нақты көлем индексі - 119,0 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 270 760,6 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 311 374,7 млн. теңге. Орындалуы 108,9 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 305 898,9 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 126,9 %, НКИ - 118,1 %, немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінен 64 752,8 млн. теңгеге артық (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 241 146,1 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 298 361,6 млн. теңге. Орындалуы 102,5 % - ды құрады.
Тау - кен өнеркәсібінің көлемі 2 758,5 млн. теңге, өсу қарқыны 86,2 %, нақты көлем индексі - 113,8 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 3 201,5 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 3 681,7 млн. теңге. Орындалуы 74,9 % - ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 25 328,3 млн. теңгені, өсу қарқыны 103,6 % - ды, нақты көлем индексі 82,8 % - ды құрады (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 24 445,5 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 25 912,2 млн. теңге. Орындалуы 97,7 % - ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 106 884,0 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 113,3 %, нақты көлем индексі 102,2 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 94 320,0 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 148 475,7 млн. теңге. Орындалуы - 71,9 %.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 64 065,4 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 102,0 %, нақты көлем индексі - 86,2 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 62 783,1 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 76 800,0 млн. теңге, орындалуы - 83,4 %.
100 435 шаршы метр тұрғын үй қаңтар - қыркүйек айларында енгізілді, өсу қарқыны 105,8 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 94 921 шаршы метр).
Жоспар - тапсырма 60 066 шаршы метр, орындалуы - 167,2 %.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 397 774,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңінен 58 334,8 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 117,2 %, нақты көлем индексі 106,3 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары -339 439,9 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 389 866,6 млн. теңге, орындалуы - 102,0 %.
Көтерме сауда айналымының көлемі 263 951,4 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,1 %, нақты көлем индексі - 100,1 % (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 239 668,7 млн. теңге).
Жоспар - тапсырма 269 867,0 млн. теңге, орындалуы 97,8 %.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 28 281 бірлік, өсу қарқыны 86,6 % немесе 4 364 бірлікке кем (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары - 32 645 бірлік).
Жоспар - тапсырма 32 176 бірлік, орындалуы - 87,9 %.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 49 816,8 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 23,9 % немесе 15 649,1 млн. теңгеге кем.
Жоспар - тапсырма 56 925,4 млн. теңге, орындалуы 87,5 %.