

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
(2026 жылғы 01 қазанға)
«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 16 бюджеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімде 4 ведомстволық бағынысты мекеме бар:
- «Абай облысы Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ, штат саны 47,5 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 305 259,0 мың теңге. Күндізгі (120 төсек-орын) және түнгі (30 төсек-орын) бөлімшесі бар;
- «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, штат саны 129,75 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 655 840,0 мың теңге. Жартылай стационарда (50 бала) және үйде (345 бала) мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетіледі;
- «Абай облысы Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ, штат саны 273,5 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 902 247,3 мың теңге. Жартылай стационарда (80 қарт адам), үйде (1200 адам) және белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесінде (600 адам) қызмет көрсетіледі.
- «Абай облысы Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ, штат саны 42 бірлік, жылдық қаржыландыру көлемі 270 143,2 мың теңге, 25 төсек-орынға уақытша болу бөлімшесі бар.
2026 жылға 8 233 332,5 мың теңге бөлінді (ведомстволық бағыныстыларды ескере отырып), оның ішінде: облыстық бюджеттен – 3 866 676,3 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 4 366 656,2 мың теңге.
Есепті кезеңде 17 281 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік бағдарламалар
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтуға, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-экологиялық бейімделуіне бағытталған. Оған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, оларға қажетті әлеуметтік қызметтер көрсету. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде олардың техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, ақпараттық ортаны пайдалануда тең мүмкіндіктер жасау, материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және басқа әлеуметтік маңызды қажеттіліктерді құрайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды оңалтуда, қажетті техникалық құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың әзірленген жеке бағдарламасын сапалы және уақтылы орындау қажет.
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Семей қалалық бөлімшесінің деректеріне сәйкес 01.10.2026 жылға Семей қаласында 13 823 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде: 1 топ – 1 962 адам, 2 топ – 4 960, 3 топ – 4 943, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1 958.
Барлық мүгедектігі бар адамдар арнайы және мемлекеттік жәрдемақы алады.
01.10.2026 жылға әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламаларының жалпы саны – 7 708.
«Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде, ағымдағы жылдың басынан бастап техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 7 509 өтініш қабылданды, оның ішінде:
2010 жылдың қазан айынан бастап қалада тірек - қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге, оларды қаланың әлеуметтік маңызы бар объектілеріне жеткізуге, медициналық көрсеткіштері бар адамдарға тегін көлік қызметтерін ұсыну бойынша «Инватакси» қызметі жұмыс жасайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалада мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету үшін, Инватакси саны 19-дан 21 бірлікке дейін өсті. Сондай-ақ, Инватакси қызметтерін түнгі сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін алуға мүмкіндік туды. «Инватакси» қызметі ілесіп жүретін адамдарды есептемегенде 582 - ге жуық мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде «Инватакси» қызметтерін белсенді пайдаланатын 335 адам және 209 адам-тұрақты, 38 адам кемінде бір рет пайдаланды.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Инватакси» қызметі 48 605 өтінімді орындады.
«АМАNАТ» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2027 жылдарға қалалық инфрақұрылымды халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктеріне бейімдеуге – 349 нысан жоспарланған.
Бүгінгі таңда қол жетімділіктің Invagov.kz интерактивті картасына бейімделген және енгізілген - 294 нысан.
2021 жылы - 37 нысанның жоспары (53 нысан орындалды) 100 %
2022 жылы - 29 нысанның жоспары (14 орындалды) 48,3 %
2023 жылы - 60 нысанның жоспары (36 орындалды) 60 %
2024 жылы - 87 нысанның жоспары (87 орындалды) 100 %
2025 жылға - 55 нысанның жоспары (55 орындалды) 100 %
2026 жылға – 53 нысанның жоспары (49 орындалды) 96 %
Семей қаласы бойынша қалалық инфрақұрылымды халықтың мобильділігі төмен топтарының қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша жұмыс белсенді жалғасуда.
Халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімін орындау үшін 2026 жылы бюджет қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге 1 674 288,0 мың теңге бөлінді.
2025 жылға Семей қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімі шеңберінде өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге 74 224,6 мың теңге сомасына 1340 алушыға, «адамның иммун тапшылығы вирусы» (АИТВ) диагнозы қойылған 18 жасқа дейінгі 4 балаға 4 237,5 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
906 полигондық куәлік дайындалды, 1101 өтініш берушіге дәлелді себеппен құжаттардың толық емес пакеті, тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болмауы, көрсетілетін қызметті алушыда қызмет көрсету үшін ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі бойынша бас тартылды.
Семей қаласы бойынша:
2026 жылға 1 674 288,0 мың теңге қарастырылған. Жергілікті бюджет - 971 085,0 мың теңге, облыстық бюджет – 703 203,5 мың теңге.
Атаулы әлеуметтік көмек
Табысыкедейлік шегінен төмен адамдарды(отбасыларды)әлеуметтікқолдауесебіненкедейлікдеңгейінтөмендету -басыммақсаттарменміндеттердіңбірі болып табылады.Бүгінгітаңдаатаулыәлеуметтіккөмек(АӘК)1052отбасынажалпысомасы576 168 693мыңтеңгегетағайындалды.
Сондай-ақ атаулыәлеуметтіккөмектітағайындаукезеңінебіржастаналтыжасқадейінгіәрбірбалаға1,5айлықесептіккөрсеткіш6488теңгемөлшеріндеқосымшатөлемтөленеді.2026жылғы1 қазандағы жағдай бойынша57 927 482мыңтеңге(1524 балаға)қосымшатөлемтөленді.
"Атаулы әлеуметтік көмек" бағдарламасын іске асыру үшін 2026 жылға 842 465,0 бөлінді. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 706 410,0 мың теңге, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлемге – 136 055,0 мың теңгені құрайды.
"Тұрғын үйкөмегінтағайындау"мемлекеттікқызметіосыжердетұрақтытұратыназаматтарғатұрғын үйді ұстауғажәнекоммуналдыққызметтергеақы төлеуге көрсетіледі.Тұрғын үйді ұстауғажәнекоммуналдыққызметтергежұмсалатыншығыстаротбасыныңжиынтықтабысының7пайызынанасқанжағдайда тұрғын үй көмегітағайындалады.
Тұрғын үй жәрдемақысы 151 аз қамтылған отбасына 2 233,0 мың теңге сомасында төленді.
Халықтың осал топтарының әлеуметтік бейімделуі
«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2026 жылдың 01 қазанына - 915 адам қамтамасыз етілді. Қызмет алушыға кепілдендірілген сома (14 күн) 316 120,42 теңге. Олардың ішінде:
- мүгедектігі бар балалар - 107,
- мүгедектігі бар адамдар - 808.
2026 жылы «Қарағайлы» санаторийінің базасында санаторлық-курорттық емдеумен келесі санаттар бойынша 660 адам қамтамасыз етілді (тыл еңбеккерлері, еңбек ардагері, жеңілдіктер бойынша кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ҰОС-да қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың, хабар-ошарсыз кеткендердің) қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), қаза тапқандардың отбасылары, Чернобыль АЭС-інде қаза тапқан адамдардың отбасы).
«Абай облысының Әділет департаменті» ММ-нің 2025 жылғы 03 наурыздағы № 06-12/165 - І хатын орындау үшін Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 44/234-VIII шешімімен Семей қаласының аумағында жасына байланысты зейнеткерлерге санаторлық – курорттық емдеу толығымен тоқтатылды.
Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арналған танымал маршруттар: Түркістан облысы (Сарыағаш шипажайы, Керуен шипажайы, Altyn shanyraq шипажайы, Манкент Шипа, Әсел, Манкент Дана), Абай облысы (karagaily шипажайы, Шүлбі шипажайы), Ақмола облысы (Алмаз, Нұрсат), (Павлодар облысы (Мойылды шипажайы, Ақ сиса).
Семей қаласы бойынша мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер 2 ұйымда көрсетіледі:
– «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 62 мүгектігі бар бала;
- «Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ–де 175 мүгедектігі бар бала, әлеуметтік жұмыс бойынша 2 маман қызмет көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10 725 адам еңбек делдалдығына жүгінді, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3 123 адам қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына – 2 111 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 1 012 адам (әлеуметтік жұмыс орындары – 106, жастар практикасы – 283, қоғамдық жұмыстар – 534, «Күміс жас» жобасы – 89) жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 248 адам жіберілді. Қысқа мерзімді оқытуға – 65 адам жолданды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға – 36 грант берілді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде 50 адам (18 отбасы), оның ішінде Жетісу, Алматы, Маңғыстау облыстарының жұмыс күші артық өңірлері мен Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларынан 35 адам (9 отбасы) қоныс аударушылар және Өзбекстан Республикасынан, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан 15 адам (9 отбасы) қандастар көшірілді.
Бүгінгі таңда 4 488 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында Семей қаласы бойынша 6 546 жұмыс орны құрылды.