
2026 жылдың III жартыжылдығындағы Семей қаласының құрылыс бөлімі атқарған жұмыстар туралы есептік ақпарат
2026 жылы «Абай облысы Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ (бұдан әрі – Құрылыс бөлімі) 26 құрылыс нысанын іске асыруда, оның ішінде: 18 - тұрғын үй, 5 - инженерлік желілер, 2 - күрделі жөндеу нысаны, 1 - дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу.
Анықтама үшін:
Тұрғын үйлер:
13 үй: «Абай облысы Семей қаласының Қарағайлы тұрғын ауданында көп қабатты 13 тұрғын үй салу (поз. 62-74)» (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз);
5 үй: «Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы-2 тұрғын ауданында көп пәтерлі 29 тұрғын үй салу (101-129-поз.). 101, 102, 103, 104, 105-позиция» (Сыртқы инженерлік желілерсіз).
Инженерлік желілер:
Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы (62-66 поз.) Түзету;
Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы (67-74 поз.) Түзету;
Абай облысы Семей қаласының Восточный кентінде 300 орындық мектепке инженерлік желілер салу;
Көпфункционалды орталыққа инженерлік желілер құрылысы, Ауэзов даңғылы, 1А, Семей қаласы;
Абай облысы Семей қаласының Ұшактар кентіндегі кәріз коллекторын техникалық қайта жарақтандыру (КНС-1, КНС-2 электрмен жабдықтау және технологиялық жабдықтар.
Күрделі жөндеу нысандары:
«Абай облысы, Семей қаласындағы Қайым Мұхамедханов көшесі 8 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу»;
«Абай облысы, Семей қаласындағы Би Боранбай көшесі, 47А мекенжайындағы №15 әскери қалашықтың әскери госпиталін күрделі жөндеу. Түзету».
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу:
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында нысанның құрылысы аяқталды:
- «Абай облысы, Семей қаласындағы Қайым Мұхамедханов көшесі 8 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу»;
- «Восточный кентіндегі 300 орындық мектепке инженерлік желілердің құрылысы»;
- «М. Әуезов даңғылы, 1А мекенжайында орналасқан көпфункционалды орталыққа инженерлік желілердің құрылысы».
Ағымдағы жылдың III жартыжылдығында нысанның құрылысы аяқталды:
Ағымдағы жылдың соңына дейін келесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарланған:
2027 жылға өтпелі нысандар - Қарағайлы тұрғын ауданында 5 несиелік тұрғын үйлер (поз. 101, 102, 103, 104, 105, тұрғын үй ғимараттардың жалпы ауданы – 30 537,23 м², пәтерлердің жалпы саны – 412).
Сонымен қатар, «Абай облысы, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында тұрғын үйлерге (поз.101-129) сыртқы инженерлік желілер және абаттандыру құрылысы» басталды. Қазіргі уақытта поз. 101–129 бойынша инженерлік желілерді салу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, су алу құрылыстарының қоршауын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сорғы станциясының қазаншұңқыры қазылып, іргетасын салу жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар, резервуарларды салу жұмыстары жүргізіліп, олардың астына бетон дайындау қабаты құйылды.