Акимат города Семей

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
cbs_semey@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Молжигитова Гульниса Толегеновна
«Семей қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Общая информация, образование

 Молжігітова Гүлниса Төлегенқызы, Алматы қаласында  1973 жылы 11 мамырда дүниеге келген. 

 1980 жылы Аягөз қаласының №5 орта мектебіне барып, 1990 жылы бітірді. 1990 жылдың қыркүйек айынан  1991 жылдың мамыр айына дейін Аягөз қаласындағы №3 бала бақшасында күтуші қызметінде жұмыс істеді.

1991 жылы Абай атындағы мәдениет училищесінің кітапхана бөліміне оқуға түсіп, 1993 жылы үздік бітіріп шықты.

 2000 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университетіне сырттай түсіп, «Тарих» мамандығы бойынша  2005 жылы үздік бітіріп шықты.

  2008 жылы Орталық Азия университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірді.   

  Бұдан өзге, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық курстарын аяқтағаным туралы сертификаттар бар.

Карьера

1993 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде қызмет етеді. Еңбек жолын осы ОКЖ-нің №14 кітапхана-бөлімшесінде кітапханашы қызметінен бастады. Оңтайландыру жылдары кітапханаларды біріктіру кезінде №12 кітапхана-бөлімшесіне ауыстырылып, 2000 жылдың шілде айына дейін жұмыс істеді, одан кейін Қалалық орталық кітапхананың абонемент бөліміне (балалар секторы) ауыстырылды, 2002 жылы абонемент бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, ал 2005 жылы жаңа ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушілігіне ауыстырылды. 2008-2013 жылы кітапхана ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың мамырынан ОКЖ директоры лауазымына тағайындалып, бұл  лауазымда  осы уақытқа дейін қызмет етеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы