Бюджет

«Абай облысы  Семей   қаласының   Жиенәлі

ауылдық округі әкімінің   аппараты» ММ-нің

2024 - 2026   жылдарға   арналған    бюджеттік

бағдарламаларын бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 32-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына,Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 17/104-VIII «Жиенәлі ауылдық округінің 2024 - 2026  жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес:

1.«Абай облысы Семей қаласының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 - 2026 жылдарга арналған бюджеттік   бағдарламалары қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

  1. Бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
  2. Осы өкімнен туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
  3. Өкімнің атқарылуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

                                                                                                 Г. Сыздыханова

        

                                                                                               

Дата публикации
04 марта 2024