МАЗМҰНЫ

Жиенәлі ауылының округінің 2024 жылғы

бюджетінің орындалуы туралы есебінің

ТҮСІНДІРМЕ ХАТЫ

 

Бюджеттің атқарылуының жалпы қорытындылары.

 

Жиенәлі ауылдық округінің бюджеті қалалық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 17/104-VIII "Жиенәлі ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен 84 974,0 мың теңге сомасында бекітілді.

Мемлекеттік мекеменің қайта тіркелуіне байланысты аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 22 шілдедегі №9/38 "Жиенәлі ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен Жиенәлі ауылдық округінің бюджеті 72 759,7  мың теңге сомасында қайта бекітілді.

Оны орындау барысында аудандық мәслихаттың 2024 жылдың 11 желтоқсандағы №12/84- VIII шешімі, 2024 жылдың 28 қарашадағы №80 қаулысы негізінде 2 нақтылау жүргізілді.

Жүргізілген түзетулерді ескере отырып, ауылдық округ бюджетінің жалпы көлемі 2024 жылы 70 348,1 мың теңгені құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдығы 1 560,0 мың теңге.

                    

Бюджеттің кіріс бөлігін орындау.

 

2024 жылға бюджетке түсімдер жоспары бойынша 70 347,3  мың теңге орындалуы 70 849,1  мың теңгені құрады.

Есепті кезеңде жоғары тұрған бюджеттерден 67 350,3 мың теңге сомасында трансферттер түсті, оның ішінде ағымдағы 25 639,3 нысаналы мың теңге, субвенциялар 41 711,0 мың теңге.

Меншікті кірістер жоспары бойынша 2 997,0 мың теңге іс жүзінде  3 498,8 мың теңгеге орындалды, асыра орындау сомасы 501,8 мың теңге.

   Салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы жоспар 112,0 мың теңге, орындалуы 178,9 мың теңге. Жоспардан тыс 66,9 мың теңге салық түсті.

Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салықтары жоспар бойынша 40,0 мың теңгені құрады. Түсім мөлшері 45,9 мың теңге көлемінде түсті. Жоспардан тыс 5,9 мың теңгені құрады.

Жер салығы бойынша түсім 8,0 мың теңгеге жоспарланған. Іс жүзінде 13,9 мың теңгенің салығы  түсті, 5,9 мың теңгеге артық орындалды.

Жеке тұлғалардың  көлік  құралдарына салынатын салық бойынша жоспар 1000,0  мың теңге болса, іс жүзінде 622,4 мың теңге түсті, жеткіліксіз орындалуы 377,6 мың теңгені немесе 62,2 % құрады.

Заңды тұлғалардың  көлік  құралдарына салынатын салық бойынша түсім 115,0 мың теңге жоспарланған. Іс жүзінде 246,7 мың теңгенің салығы түсті. Артық орындалғаны 131,7 мың теңге.

Бірыңғай жер салығы бойынша түсім 122,0 мың теңге болжанған. Түскен түсім 405,4 мың теңгені құрады.Жоспардан тыс 283,4 мың теңгенің түсімі түсті.

Жер телімі үшін төлем бойынша жоспар 1600,0  мың теңге болса, іс жүзінде 1852,5  мың  теңге түсті, асыра орындауы 252,5 мың теңгені немесе 115,7 % құрады.

 

    Жоспардан тыс жер телімің сатудан түскен түсім 133,1 мың теңгені құрады. Түсімдер бір реттік сипатқа ие.

 

             Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы.

 

2024 жылға ауылдық округтің бюджеті шығыстар бойынша 99,7 %  орындалды, жоспар бойынша 70 348,1 мың теңге, кассалық атқарылу 70 169,4 теңгені құрады. 178,7 мың теңге сомасындағы қалдық нақты шығыстар бойынша қалыптасты.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша шығыстар       33 989,9 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 34 053,4 мың тенге.  Әкім аппаратын ұстауға жұмсалған шығындар.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының функционалдық  тобы бойынша игеру 23 606,8 мың теңгені құрады, оның ішінде Бөкенші ауылында  хоккей кортын құру үшін  19 040,0 мың теңге, Маралды ауылындағы мал қамауға арналған раскол орнатуға 2 222,2 мың теңге, Бөкенші ауылының көшелерің санитарлық жағдайда ұстауға 1123,6 мың теңге және көшелерді жарықтандыруға – 1221,0 мың теңге жұмсалды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық тобы бойынша шығыстар Бөкенші ауылының клубын ұстауға бағытталған        12 572,0 мың теңгені құрады.

 

 

 

 

Жиенәлі ауылдық округінің әкімі                                  Б.Р.Айтқожин

 

  

 

Дата публикации
23 февраля 2024