Аудан әкімдігінің
2024 жылғы «___» ___________
№ ____ қаулысына
7 - қосымша
«Абай облысы Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер «Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын, ауылдық округтің бюджетін әзірлеуде Жиенәлі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайды үнемі жақсарту;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру, олардың орындалуын және осы мәселелер бойынша ауылдық округ әкімінің ақпараттандырылуын бақылау;
3) жергілікті кәсіпкерлікті дамыту үшін, ауылдық округтің аумағында инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға қатысу, инвестицияларды тартуға көмектесу;
4) ішкі озық электрондық жүйелерге, бағдарламалық жасақтамаға, соның ішінде интернет ортаға ақпараттық – талдамалық көмек көрсету;
5) Жиенәлі ауылдық округі әкімінің жоғары білікті кадрлық резервін қалыптастыруда ақпараттық – талдамалық көмек көрсету;
6) Жиенәлі ауылдық округі әкімінің ақпараттық саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау;
7) бұқаралық, соның ішінде электрондық ақпарат құралдарымен ұйымдастыру, қамтамасыз ету және өзара іс-қимыл жасау;
8) Жиенәлі ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен қызметтік хат – хабарлар бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ келушілерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округтің бюджетін жоспарлау және орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік мүлкін басқару, есепке алынуын ұйымдастыру және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
Жиенәлі ауылдық округі әкімінің тапсырмасы бойынша ауылдық округ әкімінің құзыретіне кіретін тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және
ауызша түсініктемелер алу;
«Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде орындаушылық және еңбек тәртібіне тиісті бақылауды жүзеге асыру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жиенәлі ауылдық округінің әкіміне аппараттың лауазымды тұлғаларын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды және өзге де стратегиялық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу;
басқару тетіктерін, жұмыс тәсілдерін тұрақты жетілдіру, «Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тиісінше еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
«Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру;
«Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі бекітілген қызмет нысанына сәйкес осы Ережеде белгіленген функцияларды орындауға бағытталған болуы тиіс;
«Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әлеуметтік – тұрмыстық мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа міндеттерді орындау.
1) «Абай облысы Жаңасемей ауданының аппараты» мемлекеттік мекемесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен, «Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, құқық қорғау органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) соттар мен өзге де мемлекеттік органдарда әкімнің және «Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру және қорғау, Жиенәлі ауылдық округі әкімінің атына енгізілген прокурорлық ден қою актілерін қарау;
3) Жиенәлі ауылдық округінің әкімі қабылдайтын өкімдер мен шешімдерді дайындау;
4) Жиенәлі ауылдық округінің әкімі қатысатын іс – шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
5) референдумдар мен сайлауларды дайындау және өткізу кезінде сайлау органдарының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
6) ауылдық округтегі қоғамдық орындарды көркейту және сыртқы безендіру мәселелерін шешуге қатысу;
7) қылмыскерлікпен, сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
8) қолданыстағы заңнама аясында жоспарлы кезеңге ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу; ауылдық округтің бюджеті туралы қала мәслихатының шешімін іске асыру туралы әкімнің шешімін, «Абай облысы Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
9) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту, қолданыстағы бюджеттік заңнама шеңберінде оларға өзгерістер енгізу;
10) қолма-қол ақша көлемін болжау және бюджеттік ақшаны тиімді басқару үшін жоспарланған кезеңге арналған шығыстардың күтілетін орындалуы мен қолма-қол ақша ағынының болжамын жасау;
11) бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық және бюджеттік есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген басқа да есептіліктерді жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті органдарға жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша ай сайынғы, жылдық есептерді, сондай-ақ басқа да есептерді жасау және ұсыну;
13) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес:
13-1) Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты мен елді мекендерінің жұмыс істеуіне;
13-2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыруға;
13-3) азаматтық хал актілерінің жазбасы бойынша қызметті қамтамасыз етуге;
13-4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, оның ішінде мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;
13-5) ауылдық жерде оқушыларды ең жақын мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастыруға;
13-6) шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
13-7) мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге;
13-8) ауылдық округтің және елді мекендердің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға;
13-9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;
13-10) жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге;
13-11) елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға;
13-12) елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға;
13-13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға;
13-14) ауылдық округте және елді мекендерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстауға;
13-15) елді мекендердің сумен жабдықталуын ұйымдастыруға;
13-16) жергілікті деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге;
13-17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру - сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге;
13-18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешу үшін іс-шараларды іске асыруға;
13-19) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке трансферттерге бағытталған шығындарды жүзеге асыру;
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау, мүлкі жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдау;
15) мүлкі жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
16) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру;
17) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдеу;
18) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу;
19) мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігін толық және уақтылы аударуын бақылау;
20) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен бекітілген, бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды келісу;
21) егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсіпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу;
22) коммуналдық мүліктің нысаналы пайдаланылуына және артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмауын бақылау;
23) иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке қою туралы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтініштерді жолдау;
24) ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруды келісу;
25) «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген және оған жүктелген өзге де функцияларды орындау жүзеге асырылады.
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласында құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналд