Ауылдық округітің негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Округ бойынша 01 қаңтар 2024 жылға 57 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 38 шаруа қожалық, ЖШС -1, АШК- 3, ЖК – 10.
Ауылдық округ аумағында малдарды асылдандыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ауылдық округ бойынша 1 шаруа қожалық және 1 ЖШС мен 1 АШК(«Нұр», «Майжан», «Елькентай») асыл тұкымды мал өсірумен айналысады.
Округ бойынша өткен жылмен салыстырғанда мал басы саны өсуде, ірі қара мал басы 100,9, қой,ешкі 104,6, жылқы 104,6 , құс 100, түйе 125 пайызға.
01.01.2024 ж.ет – 880,2 тонна, сүт – 2191 тонна, жүн – 9,4 тонна , жұмыртқа – 62,2 мың дана өндірілді.
2023 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өндірістің өсуі: ет – 2,8 %, сүт – 2,7 %, жүн – 3,2 %, жұмыртқа - 0,3 %.