Бүгін Республика күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға 30 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Семей қаласында полиция қызметкерлеріне арналған ерекше мурал салынды. Бұл өнер туындысы қаланың басты даңғылдарының бірі – Бозтаев көшесінде орналасқан.
Муралда күндіз де, түнде де елдің тыныштығын күзететін ат үстіндегі полиция қызметкері мен балалардың бейнелері көрсетілген. Бұл композиция қауіпсіздіктің, бейбітшіліктің және қоғам мен полиция арасындағы тығыз байланысты білдіреді.