
Озерки ауылдық округінің клубы
Клуб директоры – Жұманова Кенжегүл Макарқызы
Озерки ауылдық округінің клубы 2009 жылы 23 қарашада Озерки ауылында құрылған. Жалдамалы жерде орналасқан, клубтың штаты 5 бірлік, 6 адам жұмыс істейді. Клубтың 2023 жылы жұмыс істеуі үшін бюджеттен 17 837 мың теңге қаражат бөлінді.
Ересектер мен мектеп оқушыларының мәдени-шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ауыл клубында онлайн би, вокал, шеберқолдар, тоғызқұмалақ, теннис, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. 2023 жылы өткізілген іс-шаралар – 31.
Келушілер саны –1380 адам.