Көкентау ауылдық округі әкімі аппаратының мәліметтері

Округ әкімі: Жұмағали әділет Болатұлы осы қызметте 2024 жылғы 15 қыркүйектен бастап қызмет атқарады

Құрылған жылы –1968 год.     

Географиялық орналасуы:

Округ аумағы - 394 525,8 тыс. га.

Көкентау ауылдық округі солтүстіктен Достық, Ертіс ауылдық округтерімен,
шығысынан Озерка округімен, батысынан
Курчатов ауданымен , оңтүстігінен Саржал ауылы Абай ауданымен шектеседі.

Округ құрамына 3 ауыл (Көкентау, Қыземшек, Жазық) кіреді.
Ауданның әкімшілік орталығы – Көкентау ауылы.
Халық саны: 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 1 734 адамды құрайды.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар – 94,4%, орыстар – 5,1%, басқа ұлттар – 0,5%.
Инфрақұрылым:

Көлік желісі автомобиль жолдарынан тұрады. Облыста жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 97 шақырымды құрайды.
Аймақтың экономикасы. 

Географиялық орналасуы, аумақ арқылы көлік дәліздерінің өтуі, барланған пайдалы қазбалар қорының болуы және
шаруашылық жерлерінің болуы ауданның қазіргі экономикалық мамандануын анықтайды.
Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 

«Гүлрайхан» ШҚ, «Мади-Р» ШҚ, «Қабылхан» ШҚ, т.б.
Шаруашылықтардың жалпы саны 100, оның ішінде мал шаруашылығы 99, егін шаруашылығы 1.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 15, 
оның ішінде 15 белсенді жұмыс істейді.      Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар: «Қаражыра» АҚ, «ФИК Алел» АҚ, «ARX Minerals» ЖШС.
Дата публикации
28 мая 2025