Көкентау ауылдық округі әкімдігінің жанындағы Жергілікті Қоғамдық Кеңестің 2024 жылғы 18 қарашадағы отырысының Ш Е Ш І М І:

  1. Көкентау ауылының ішінен ағып жатқан «Қарасу» өзенінен өтетін өткелдің «Алел» ҚИК» АҚ демеушілігімен «Deevs» ЖШС-гі жүргізген құрылыс жұмыстары қабылдансын.
  2. Жалғыз басты, көп балалы анаға Көкентау ауылынан салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үйден пәтер берілсін, І-ші топ мүгедектігі бар азаматқа ҚР Заңанамасына сәйкес үй алып беру қарастырылсын, жалғыз басты қарт адамға үйіне су кіргізу шығыны есептелінсін.
  3. Мал қамау расколы бұрынғы орнына салынсын, жобалау-сметалық құжаттамасын, жер актісін әзірлеу әкімдікке жүктелсін. Аяқтау мерзімі – 3 ай.
  4. Жазғы сахына сыртын қайта жөндеуге қажет профлистін алуға «Көкентау ауылы қайырымдылық қоры» ҚҚҚ қаражат бөлінсін.
Дата публикации
22 ноября 2024